Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Ұлттық қорғаныс университетінде офицерлердің салтанатты шығарылымы өтті

Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті офицерлерінің салтанатты шығарылымы өтті

100-ден аса магистрант Қазақстан Қарулы Күштерінің және ҰҚШҰ қатысушы мемлекеттерінің офицерлер корпусы қатарын толықтырды. Қазіргі уақытта Ұлттық қорғаныс университеті ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің қарулы күштері үшін әскери кадрларды бірлесіп дайындау жөнінде оқу орындарының тізбесіне енгізілді және бүгінде түлектер арасында Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасының өкілдері бар. 

- Әскери кадрларды даярлау ерекше мемлекеттік маңызды іс болып табылады және сондықтан Сіздер, яғни, Ұлттық қорғаныс университетінің түлектері заман талабына сай болып, көшбасшылық қасиеттерге ие болып, әскери қызметтің барлық салаларында бағыт-бағдарларыңыз бар үздік маман атануға тиіссіздер. Университет қабырғасында әртүрлі ауқымдағы операцияларды сәтті жоспарлауға, бірлестіктерді, құрамалар мен әскери бөлімдерді мықты басқаруға мүмкіндік беретін терең білім алдыңыздар», - деп әскери ведомство басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов атап өтті.

Қазіргі уақытта Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстанның әскери білім беру ісінде көшбасшы бола отырып, тыңдаушылар мен оқытушылардың ұтқырлығын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі барлық деңгейлер мен дәрежелер сабақтастығын қамтамасыз ету жөнінде білім бағдарламаларын жүзеге асыруда озық оқыту әдістерін қолданады.
Следующая →