Семейлік өрт сөндірушілер 10-қабаттағы өртті ауыздықтады
Ибраев көшесіндегі көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінің балконынан өрт шыққан
Үй иелері жалынды байқай салысымен өрт сөндірушілерді шақыртып, өздері далаға шығып кеткен.
Өрт сөндіру бөлімі жақын маңда орналасқандықтан құтқарушылар оқиға орнына лезде жеткен.
- Олар баспалдақ маршынан түтік құбырын созды, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Құбыр ұзыедығы 40 метр. Бұл ұзындық өрт ошағына дейін су жіберуге жеткілікті болды. Өрт сөндірушілер еш қиындықсыз тілсіз жаудың бетін қайтарып, өзге пәтерлердің балконына жетуіне жол бермеді.
Мамандар өрт қауіпсізідігі ережелерін сақтамау оқиғаға себеп болуы мүмкіндігін алға тартады.
Следующая →