Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақтөбеде бойжеткен терезеден секіріп кеткен

17 жасар бойжеткен ата-анасына қоштасу SMS-хатын жазып, 8-қабаттан секіріп кеткен

Ақтөбеде 17 жастағы Назерке Нұрболатқызы түнде Әлия Молдағұлова даңғылының бойында орналасқан тұрғын үйлердің бірінің сегізінші қабатынан секіріп кетті. Гуманитарлық колледждің екінші курсында оқыған бойжеткен бастауыш сыныпқа мұғалім болуды жоспарлаған, деп жазады nur.kz сайты.



- Сағат түнгі үште жас қыздың терезеден құлағаны туралы хабар келді. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенімен, бойжеткен олар келмес бұрын тіл тартпай кеткен, - дейді жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева.

Назерке - Мәртүк ауданының тумасы. Ақтөбеде өз құрбыларымен бірге пәтер жалдап тұрған. Ата-анасы әлі оқиға орнына келмеді. Олар қызын жерлеу үшін үйіне алып кетеді.

- Не болғанын өзіміз де ұқпадық. Назеркемен бірге тұрып жатқанымызға ұзақ уақыт болды. Одан оғаш ештеңе байқамаған едік. Жақсы оқып, ата-анасымен, достарымен қашан да тату болатын. Бір жайт болған болса, бізге айтар еді... Дүйсенбі күні түнде мен үйде болмадым, ал өзге құрбым ұйықтап жатты. Назерке түнде тұрып, балконға шыққан. Бұның қалай болғанын ешкім естімеді. Полицейлер шулап жүргенде бір-ақ оянған. Ата-анасына қиын болды. Бұны қалай еңсерер екен? Оның отбасы өте жақсы адамдар, - дейді қаза болған бойжеткеннің құрбысы Айнагүл.

Назерке түнде өз ата-анасына оларды жақсы көретінін хабарлама арқылы жазып, терезеге барған. Бойжеткен өзіне қол салатынын ешкімге айтпаған.

Назерке түнде өз ата-анасына оларды жақсы көретінін хабарлама арқылы жазып, терезеге барған. Бойжеткен өзіне қол салатынын ешкімге айтпаған.

- Ата-анасы қызының жағдайын білу үшін жиі қонаққа келетін. Қиын болды. Бойжеткен әдепті әрі тәрбиелі еді. Оның осылай істейтінін ешкім күтпеді. Ол төмен қарай емес, алға қарай секірген. Бұдан оның әдейі секіріп кеткенін аңғаруға болады... Асфальтқа емес, шөпке құласа тірі қалар ма еді? Қорқынышты. Мен енді ол жерде айналып өтуге тырысамын. Алайда оқиғадан ізі де қалмаған. Бәрін тазалап, жуған болуы керек. Осы түнде мен кезекшілікте болдым. Шуды естіп, сыртқа шықтым. Есікті ашсам, полицейлер тұр. Маған оқиғаның мән-жайы анықталғанға дейін, подьезден шықпауды бұйырды. Кейін қызды алып кетті, – дейді консьерж Валентина.

ІІД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Следующая →