БҰҰ, Канада және Ұлыбритания елдері Трамптың шешіміне наразы
БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик, Джастин Трюдо мен Тереза Мэй АҚШ-тың климат бойынша келісімінен шығатындығына көңілдері толмайтынын білдірді
- АҚШ-тың Париждің климат бойынша келісімінен шығу туралы шешімі жылыжайлық газдарды қысқарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үлес қосып жатқан елдердің көңілін қалдырды, - деп атап өтті Дюжаррик.
Сонымен қатар, ол БҰҰ бас хатшылығы АҚШ-тағы қалалар, штаттар мен бизнес-қауымдастықтар, одан өзге елдер де азкөміртектік экономика бойынша көшбасшылықты жалғастыра береді деген сенімде екендігін де жеткізді.
Трамптың шешіміне Канада басшылығы да наразы. Премьер-министр Джастин Трюдо 1 маусым күні Трамппен болған телефон әңгімесі барысында көңілінің қалғандығы туралы айтқан.
Ол климатты өзгерту үшін күрес ісінде Канаданың ұстанған қағидасы еш өзгеріссіз және өзге елдермен бір екенін атап өтті.
Ұлыбритания үкіметінің басшысы Тереза Мэй де аталмыш жағдайға көңілі толмайтынын білдірді.