Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Манчестерде орын алған жарылыстан қазақстандықтар зардап шекпеген – СІМ

Манчестердегі концертте қазақстандық алты студент болған. Алдын ала ұсынылған ақпаратқа сәйкес, жарылыс салдарынан олардың ешбірі зардап шекпеген

Манчестердегі концертте қазақстандық алты студент болған. Алдын ала ұсынылған ақпаратқа сәйкес, жарылыс салдарынан олардың ешбірі зардап шекпеген


- Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 22 мамырда Ұлыбританиядағы Манчестер қаласының стадионында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандық азаматтар жоқ. Қазақстанның Лондондағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста отыр, - деп ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов өзінің Facebook парақшасында хабарлаған.


Сондай-ақ, Әнуар Жайнақов:


- Елшіліктің консулдық бөлімінің жедел желісіне хабарласуға болады: +44(0)7447470570 (WhatsApp). Манчестердегі туған-туыс, жақындарыңыз, достарыңызбен хабарласып, амандықтарын білулеріңізді сұраймыз. Қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз, - деп хабарлаған.


Естеріңізге сала кетсек, дүйсенбі күні кешке "Манчестер Арена" концерттік кешенінде, болжам бойынша, теракт орын алды. Полиция мәліметіне сүйенсек, 19 адам қаза тауып, 50-ге тарта адам жарақат алған.

Следующая →