ШҚО-да бес жасар қыз металл багында батып кетті
Қайғылы оқиға өткен сенбі күні Глубокое ауданының Опытное поле ауылында орын алған
Оқыс оқиға Опытное поле ауылындағы саяжайлардың бірінде орын алған.
- 2012 жылы туған қыз бала металл багында батып кеткен. Қайғылы оқиғаның қалай орын алғандығы белгісіз. Біздің құтқарушылар оқиға орнына бармаған. Сол аумақта мерт болған баланың атасы мен әжесі болған. Ал қыздың анасы Өскеменде жұмыста, - деп ШӨАЖҚЖ бас құтқарушысы Анатолий Рожков хабарлады.
Аталған оқиға орын алғаннан бір күн бұрын Шемонаиха ауданының Верх-Уба ауылында екі жастағы бала суға кеткен.
- Біздің құтқарушылар дәл сол күні баланың мәйітін Убинка өзенінен тапты. Баланың қалай суға кеткендігін ешкім көрмеген. Тек баланың сол күні ата-анасымен бірге болғандығы ғана белгілі, - деді Анатолий Рожков.
Өңір құтқарушылар дабыл қағуда! Шомылу маусымының әлі басталмағанына қарамастан Шығыс Қазақстан облысында қазірдің өзінде екі қайғылы оқиға орын алған.Сол себепті құтқарушылар өңір тұрғындарын сақ болып, балаларды қараусыз қалдырмауға және судағы судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауға шақырады.