Өскеменде әйел адам іс-түссіз жоғалды
Туыстарының сөзіне қарағанда, 41 жастағы Наталья Власова өзімен бірге тұратын азаматымен бірге бір ай бұрын белгісіз жағдайда жоғалып кеткен
Жоғалып кеткен Наталья Власованың қызы Светлана Шматова анасының жұмыстан кейін үйге қайтпағандығын айтқан.
41 жастағы Наталья Власованы соңғы рет Защита маңайынан көрген. Ол теміржолда жұмыс істейді.
- Ол 16 сәуір күні болды. Сол күннен кейін оны ешкім көрмеген. Телефоны сөндірулі. Мен анаммен бірге тұрмаймын. Анам Александр есімді азаматпен бірге тұратын. Александрдың тегін анықтай алмаудамын. Білуімше, ол бұрын істі болған. Анам екеуінің арасында келіспеушілік жиі болатын. Полицияға хабар бердік, - деді Светлана Шматова.
Наталья Власованың үстінде қара шалбар, күртке және кроссовка киіп жүрген. Сондай-ақ, оның өзімен сұр түсті сөмке болған. Әйелдің туғандары барлық азаматтардан көмек сұрауда. Егерде Наталья Власованы көрген болсаңыз немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз 8−777-989-74-96 немесе 102 нөмірлері арқылы хабар берулеріңізді сұраймыз.