Израиль билігі Палестинаға қатысты кейбір шешімдерді өзгертті
Израильдің әскери-саяси кабинеті палестиналықтарға қатысты жасалып отырған жеңілдіктердің мемлекет мүддесіне еш кедергі келтірмейтіндігін айтады
АҚШ Президентінің жақын уақытта Израильге сапары басталады. Соған байланысты Израиль билігі де Палестинаға қатысты кейбір қатал шешімдерін жеңілдетіп отыр.
- Израильдің әскери-саяси кабинеті Палестинамен шекарадағы күнделікті экономикалық жағдайларды жеңілдетуге дайын, - деп мәлімдеді кабинет мүшелері.
Көрсетіліп отырған жеңілдіктер Иордан өзенінің жағалауына құрылыс нысандарын салуға қатысты болып отыр. Сонымен қатар Израиль билігі Палестина автономиясы мен Иордания арасындағы Алленби көпірі аймағында тәулік бойы жұмыс жүргізуге рұқсат беріп отыр.