Өскеменде жер үй өртеніп кетті
Төтенше жағдайлар басқармасының сөзіне қарағанда, өрт өте қатты болған. Алайда ешкім зардап шекпеген
Өскемен қаласында түнгі сағат 01.00 уақыт шамасында Лермонтов көшесіндегі жер үйлердің бірінде өрт болған. Өрттің қатты болғандығы сонша – көрші үйді де жалын алған. Өрт сөндірушілер дер уақытында келіп өртті сөндірген. Зардап шегушілер жоқ.
Өрттің ауданы 150 квадрат метрді құраған. Қазірдің өзінде өрттің орын алу себептері анықталып жатыр. Дегенмен, тұрғындардың өрт құралдарымен дұрыс жұмыс жасамауының кесірінен болуы мүмкін.
Тақырыптар:
Пожары в ВКО