Көлік терезесінен аяғы мен қолын шығарған жолаушылар жауапқа тартыла ма?
ҚР ІІД Әкімшілік полиция комитетінде жолаушының не болмаса жүргізушінің көлік қозғалысы барысында терезеден аяқ, қолын шығаруы тәртіп бұзу болып табыла ма деген сұраққа жауап берілді
Facebook қолданушысы Әсем Кенжебек өз парақшасында Алматы көшелерінің бірінде түсірген суретті жариялады. Кадрда көрсетілгендей, көршілес орналасқан көліктегі жолаушы жалаңаш табанын терезеден шығарып қойған. «Дене мүшелері шығып тұрған адамдардың кезеңі ашық деп жарияланады», - деп жазады ол суреттің соңына.
Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ирина Лукьянина түсіндіріп өткендей, жолаушының бұл әрекеті белгілі жағдайларда тәртіп бұзғандық болып табылады. «Жол жүру ережелерінің төртінші бөліміне сәйкес жолаушылардың міндетіне бірнеше бөлімдер кіреді. Көп жағдайда, 4.2.3 бөліміне сәйкес жолаушыларға көлік қозғалысы барысында есікті ашуға, терезеден және есіктен аяқ, қолдарын шығаруға тыйым салынады. Осылайша егер суреттегі көлік қозғалыс барысында болса, бұл жағдайда оны анықтау қиын, және жолаушы қолын немесе аяғын шығарып тұрса, жол жүру ережесін бұзғаны, - дейді ол.
Осыған байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексімен, көп жағдайда 615 баптың бірінші бөлімінде аталғандай - «Жаяу жүргіншімен немесе жол қозғалысының өзге қатысушыларымен ережелерді орындамау» бойынша аталмыш әрекет 5 АЕК көлемінде айыппұл көздейді.