Қызылорда ЖЭО-ның түтін мұржасы құлап, бір адам қаза тапты
Қызылорда қаласындағы жылу электр орталығында мұржа құлап, бір адамның денесі табылған. Бұл жайында ҚР ІІД ТЖ жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты
Жылу электр орталығы аумағында түтін мұржасын бөлшектеу барысында мұржаның бір бөлігі құлап кеткен. Топырақтың астында «Алтын ЛТД» ЖШС-ның екі жұмысшысы қалып қойған. Оның бірі облыстық ауруханаға жөнелтілді. Екінші жұмысшыны іздестіруге 60 құтқарушы, 10-нан астам техника жұмылдырылған, 2 ізкесуші ит те құтқаруға атсалысуда.
- Бүгін сағат 03:45 уақытында Оңтүстік аймақтық аэромобильді жедел-құтқарушылар тобы екінші адамның денесі табылды, - деді Р.Иманқұлов.