Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Асем Ожарова
Ақпарат көзі:
Устинка

Қалың қарға байланысты Өскеменде трамвай желісі қайта жансызданды

Адамдар жұмысына әрең жетуде – ине шаншыр жер жоқ автобус толған адам, ал такси шақыру мүмкін емес

Облыс орталығында ауа райы тағы да қаһарын көрсетті. Бүгін түнде қалада бұрқасын орнап, қар қатты жауды. Таңға жуық Өскемен тағы адам танымас күйге енді – қала тағы да қар үйіндісіне айналды. Жаяу жүргінші жолы қар астында қалды, адамдар жол үстімен қозғалуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Автобус аялдамалары да толған адам, қажетті көлікті ұзақ тосуға тура келеді. Күтіп алған соң оған сыймай қалуың да ғажап емес – қоғамдық көлік толып қалған. Өскемен трамвайлары жолға мүлдем шықпады. Ресльстер тағы да қалың қардың астында қалды.

- Барлығы жол үстінде, тазалауда, - деп хабарлайды трамвай саябағының директоры Анатолий Успенский. – Тазаланып біткен соң трамвайларды шығарамыз.

Таксидің ортақ қызметінде, желіде жүрген бос көліктердің жоқтығын айтады, қажетті жерге көлікпен жетуге тырысқандарға бір жарым сағат тосуға тура келеді.

- Біздің есебімізше, бір түн ішінде бір жарым метр қар жауып қалған, - деді ТҮКШ бөлімінің жетекшісі Асқар Жақсылықов. – Техника түні бойы жұмыс істеді, бірақ қар әлі жауып тұр, басылатын емес.

Қаланың бас коммуналшысы хабарлағандай, қалалық әкімдікте штаб ұйымдастырылған. Аспан түскен қасіретпен не істейтіндерін мамандар ойластырып жатыр. Жоспарда – қала көшелерін тазартуға құтқарушылар қызметінің жұмысшыларын тарту. Барлық ПИК көтеріледі – олардың күшімен барлық аулалар қардан тазартылуы керек.
Следующая →