Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

Фийон Олландтың Ресейге қатысты саясатын сандырақ деп атады

Франция президенттігіне кандидат елдің қазіргі президенті Олландтың Ресейге қатысты саясатын сандырақ деп танып, Парижді келіссөз үстеліне отыруға шақырды

Францияның бұрынғы премьер-министрі және Франция президенттігіне үміткер Франсуа Фийон сайлауалды дебатында қызметтегі биліктің Ресейге қатысты ұстанымын қатты сынға алып, Парижді Мәскеумен келіссөз үстеліне отыруға шақырды. - Төрт жарым жыл бойы Франсуа Олландтың Ресейге қатысты жүргізіп келген саясаты сандырақ, ол Ресейді азуландыруға, жекешелеуге, ұлттық әрекеттерге итермелейді. Ол әлемдегі ең ірі елдірдің бірі, ядролық держава, сондықтан ол елмен бұлай араласуға болмайды, - деді Фийон. Президенттікке үміткер сонымен қатар сыртқы саясатта билік Франция мүддесіне орай әрекет ету керектігін айтты. Дегенмен, Франсуа Фийон АҚШ-пен альянстың жақтаушысы екеніне сендірді. Естеріңізге саламыз, Франсуа Фийонның Франция президенті болуға толыққанды мүмкіндігі бар. Осыған дейін саясаткер елдегі правоцентристер станында өткен праймеризде 44% дауыс алып, болашақ қарсыласы Ален Жюппені 15%-ға басып озып күтпеген және сенімді жеңіске жеткен болатын.
Следующая →