Әріптесін құтқармақ болған ер адам өзі батып кетті
Кәсіпорын басшылығы өз қызметкерінің ерлігін бағаламай, кінәні батып кеткен азаматтың өзіне артпақ болған
Өскемен қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірінің жұмысшысы өз әріптесінің суға құлап кеткенін теплоход трюмінде болғанда байқап, бірден көмекке ұмтылған.
Жолдасын құтқармақ болған азаматтың денесі бірнеше күннен кейін ғана табылды.
Ал жұмыс беруші болса, бұл оқиғаның өндірістік жұмыстарға еш қатысы жоқтығын алға тартып, жауапкершіліктен тайқып отыр. Алайда, шұғыл комиссия анықтағандай да кәсіпорынға айып тағылмайды. Бірақ қаза болған азаматтың зайыбы бұл шешіммен келіспей, қалалық сотқа шағымданған.
Жауапқа тартылған кәсіпорын өкілі жұмысшы өз міндетіне жатпайтын әрекет етіп, өзі суға батып кеткендігін айтқан. Судьяның шешімі бойынша оқиға қызмет уақыты барысында орын алғандықтан, кәсіпорын нысанында қауіпсіздік шаралары дұрыс сақталмаған. Бұл еңбек кодексіне қайшы. Сол себепті де сот жұмыс беруші жауапкершілікті толық мойнына алуы керек деп шешті.