Өскемен қаласында хаки түсті жәшік үшін үй тұрғындарын эвакуациялады
18 маусым күні Карбышев көшесі, 36 мекенжайындағы 5 қабатты үйдің жанында белгісіз қорап анықталғандықтан, үй тұрғындарын таңғы сағат 8.00 шамасында үйден шығуларын сұрады
Белгісіз қорап жайлы үйдің тұрғыны байқап қалып, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына үйретілген иттерімен саперлер келді. Мамандар хаки түсті көлемі 30-40 сантиметрлі металл қорапты көрді.
- Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін оларды эвакуациянды. Алайда қорапты ашқан кезде ол бос болып шықты, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.
Жуықта үйретілген иттері бар саперлерді Буров көшесіндегі балалардың тіс емханасына шақыртты. Медицина қызметкерлері иесіз жатқан сөмкені көріп, полиция қызметін шақырған. Тексеру барысында сөмкенің іші баланың киімдеріне толы болып шықты.
Өткен аптаның сәрсенбісінде өскемендіктерді Промышленная көшесінде жатқан сөмке дүрліктірді. Сөмкенің ішіндегі пехотаға қарсы мина жаттығу жұмыстарына арналған болып шықты. Алайда тәртіп сақшылары қала тұрғындарына осы беттен таймай, әр белгісіз, күдікті заттар жайлы хабарлап отыруларын сұрайды.