Римді алғаш рет әйел басқармақ
Италия астанасы Рим қаласын «Движения 5 звезд» оппозициялық партиясының өкілі 37 жасар Вирджиния Раджи басқаратын болады
Рим қаласын алғаш рет әйел басқармақ. Италия астанасының жаңа басшысы болып 37 жасар Вирджиния Раджи сайланды.
Жексенбілік сайлаудың қортындысы тек бүгін кешке белгілі болады. Алайда Раджи дауыс берушілердің 64-68% пайызын жинағандықтан қала мэрі тағына оның отыратыны айтпасада анық.
Қала мэрін ауыстыру қажеттілігі бұрынғы мэр қала бюджетіндегі қаражатты өз қажеттілігіне жұмсағаны белгі болғандықтан туды. Оппозициялық партиялар Иньяцио Мариноны муниципалитеттің несие картасын отбасымен бірге мейрамханаларда тамақтану үшін жұмсағаны үшін айыптады. Кейін ол несие картасынан ұсталған 20 мың еуроны қайтаруға уәде етті.
Биылғы қала басшысы екі кезең бойынша сайланды.