АҚШ-та 3 сәби ауытқушылықтармен туылған
АҚШ-та Зика вирусын жұқтырудың салдарынан үш нәресте туабітті ақаумен туылып, үш әйелдің жүктілігі үзілді
АҚШ-тағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығының есебі бойынша Америкада Зика вирусы анықталған 234 жүкті әйел диагностикаланған. Оның барлығына безгектің ошағына айналған Латын Америкасы мен Кариб елдеріне бару себеп болған.
Американың 50 штаты мен Колумбия аймағында вирус жұқтырған барлығы 756 жағдай тіркелген.
Медициналық орталықтағылар үш әйелдің жүктілігі нақты қалай үзілгендігі туралы толық ақпарат берілмеді.
Есепте көрсетілгендей, вирус жұқтырғандарда дерт белгілері дамымайды. Оларда безгек, бөртпе, буын аурулары пайда болып, алайда бір апта ішінде олардың барлығы жоқ болып кетуі мүмкін.
Қазіргі таңда АҚШ-та масалардан берілетін Зика вирусының таралу жағдайы белгіленбеді.