Полиция қызметкері әйел адамды қорғаймын деп көз жұмды
Талдықорған қаласында полиция қызметкерін өлтірді деген күдікпен ауыл тұрғыны тұтқындалды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі
«Қазіргі таңда полиция офицерінің әйел адамды ішімдікке мас болған азаматтан құтқару барысында қаза болғандығы анықталды. Бұны зардап шеккен әйел адам мен қылмысқа куә болғандар растап отыр», - делінген бейсенбі күні жарияланған ақпаратта.
Белгілі болғандай полиция қызметкері қаладағы дәмханалардың бірінде мас азаматтың әйел адамға дөрекілік танытып жатқандағының куәсі болған. Мас адамның бұзақылық әрекеттерін тыймақ болған офицерге бірнеше пышақ жарақатын келтірген.
Күдікті тұтқындалды. Адам өліміне қатысты «Денсаулыққа адам өліміне соқтыратын зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.