Өскеменнің өрт қауіпсіздік қызметкерлері үйді аман алып қалды
Бүгін түнде «Звездный» саяжай қоғамында өрт оқиғасы орын алды. Саяжай үйдің төбесі жанып, үй иесі күйіп қалған
Оқиға орнына қалалық №2 өрт сөндіру бөлімінің мамандары дереу жетті.
- Мамандар бір жарым сағаттың ішінде тілсіз жаудың бетін қайтарды, - дейді Өскемен қалалық ТЖБ-дағылар. – Өрт алаңы 80 шаршы метрді қамтыды.
ТЖ орнына келген Апаттық медицина қызметкерлері 29 жасар үй иесіне алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ер адам арқасынан термиялық күйік алған, алайда емханаға жатқызудың қажеті болмады.
Сонымен қатар, мамандар орын алған оқиғаға өрт-қауіпсіздік ережелерін жіті сақтамау себеп болуы мүмкіндігін жеткізді.