Өскеменде екі күнде екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Екі жағдайда да көліктің астына кәмелеттік жасқа толмаған балалар түскен. Екеуі де түрлі деңгейдегі жарақат алған
Фото:
f-avto.by
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 10 маусымда сағат 16.30-да «Газ-2705» көлігінің жүргізушісі Абай даңғылы бойымен «Бастау» СҮ ауданына қарай бет алған. Сол уақытта 10 жасар ұл баланы қағып кеткен. Жүк көліктің астында қалған оқушы бет және бас жарақатын алған. Келесі күні сағат 10-да «Заречный» базарында 30 жасар жүргізуші «Тойота Люсида» автокөлігін басқарып, 17 жастағы қыз баланы қағып, нәтижесінде аяғы қатты жарақаттанған. Екі жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Следующая →
Тақырыптар:
ДТП в Усть-Каменогорске