Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Австралияда суда жүзіп жүрген әйелді қолтырауын су астына алып кетті

5 метрлі рептилия суда жүзіп жүрген екі әйелге шабуылдап, олардың бірін су астына алып кетті

Происшествия в Казахстане и мире / ЧП в Казахстане и в мире / В Австралии крокодил утащил купающуюся женщину под воду
Фото:
median.az

Австриялық Дейнтри ұлттық пакінде (Квинсленд штаты) 2009 жылдан бері қолтырауынның адамға шабуылдауы алғаш рет тіркелген. Жыртқыш әйелді су астына алып кеткен. Құтқарушылар әйелдің аман қалуына еш мүмкіндік жоқ екендігін айтты, деп хабарлайды АВС News.

Оқиға 29 мамыр күні кешқұрым орын алды. Екі әйел кешкі салқында серуендеуге шығып, суға түсуге бел буады. Алайда олар осы суда жуық арада 5 метрлі қолтырауынның пайда болғандығы туралы естімеген.

Жыртқыш әйел суға белден кірген соң шабуылдады. Оның 47 жасар құрбысы оны құтқармақ болған. Рептилиямен болған тартыстан кейін, ол әйелді су астына алып кетеді.

Аман қалған құрбысы оқиға жайлы құтқарушыларға хабарлаған. Оны іздестіру үшін тікұшақ шығарылып, акваторияның іші тепловизордың көмегімен сарапталды. Алайда жыртқыштың құрбанын анықтау мүмкін болмады.

Әйелдің құрбысы есеңгіреу диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Жыртқышпен айқасу барысында ол қолдарын кесіп алған.

Құтқарушылар қортылауынды іздеу жұмыстары әлі жалғастырылады деп отыр.

Айта кету керек, 2009 жылдан бері қолтырауынның адамға шабуылдаған бұл алғашқы жағдай. 2009 жылы қолтырауын 5 жасар балаға оның үйінің маңында шабуылдаған.

Следующая →