Жақында Қазақстанға туристер ағылатын болады
Себебі Қазақстанды туристік жұмаққа айналдырмақ. Футуристік дизайн, «ақылды» үйлер, қонақ үйлер, мектептер – барлығы Каспий теңізінің жағасында орналаспақ
Жаңа «Кендерли сити» қалашығын Маңғыстау облысында салуды уәде етіп отыр, Германия инвесторлары. Өздерінің ауқымды жобаларын Берлинде таныстырған – деп хабарлайды 24.kz.
«Кендерли сити» курорттық қаласы демалу орнына айналып қана коймай, 200 мың адам тұратын үлкен қалаға айналады. Жоспар бойынша мектептерді, ауруханаларды, бала-бақшаларды мемлекет салады, ал жеке және коммерциялық нысандар мен 23 қонақ үйдің, аквасаябақтардың, сауықтыру орталықтарының құрылысын неміс инвесторлар қаржыландыратын болады. Бастапқыда олар 600 млн евро қаражат жұмсауды жоспарлап отыр. Ал аяқталғанға жақындаған кезде аталған сома 30 млрд евроға жетіп қалуы мүмкін. Кәсіпкерлер болса, қаражаттың текке жұмсалмайтындығын айтуда. Олардың пайымдауынша, «Кендерли сити» миллиондаған туристердің толассыз келетін орнына айналады.
Герхард Лойбл, инвестор, «Analoga GmbH» компаниясының жетекшісі
* Біз жаңа жұмыс орындарын ашамыз. Алғашқы нысандардың құрылысында 2000 адам жұмыс істейтін болады. Ал төрт жылдан кейін, алғашқы үш қонақ үйді ашуды жоспарлап отырмыз. Инвесторлар тобының Қазақстанды таңдаудағы себебі – бізге осы ел өте қатты ұнайды. Серіктестік туралы алғаш рет презентация барысында білдік. Біз Қазақстанға ұшып көрдік, оның табиғаты өте әдемі және халқы да өте қонақжай. Менің ойымша, Қазақстан болашақтың және инновацияның әлеміне есігін ашқан.
Жаңа инвесторлармен бірге Қазақстанда қалу уақытын ұзартқысы келген тағы бір компания бар. Ол – он бес жылдан бері Қазақстант нарығында ауыл шаруашылық техникасын шығарып келе жатқан «Класс» компаниясы. Бүгінгі күні олар ел экономикасының дамуына үлкен әсер ететін 700-ден астам дәнді дақылдар жинау комбайндары мен тракторларды орналастырып үлгерген. Олардың ендігі жоспары Қазақстанда үлкен ауқымды өндіріс орнын ашу.
Неміс компаниялары Қазақсанға асқан сеніміділікпен келеді. Оларды өзінің тұрақтылығымен , қарқынды дамуымен және тиімді шарттарымен ерекшеленетін қазақстандық нарық қызықтырады.
Уте Кохловски-Каджая, неміс экономикасы Шығысеуропалық ассоциациясының директоры
* қазақстан орталық Азиялдағы ең дамыған мемлекет. Сондықтан бұл нарық өте қызықты. Қазақстанның агроөндіріс саласында үлкен тәжірибесі бар. Біз өз білімімізді, техникамызды Қазақстанға тартатын боламыз. Алдағы келісулерді сәтті өтеді деп толықтай айта аламын.
Шолпан Найманбаева, Twitter@Sholpan24kz:
- Германиялық инвестициялардың 90 пайызы шикізат секторына кетіп жатыр. Тек соңғы үш жылда ғана біздің елдер арасында 72 инвестициялық жобаларға қол қойылды. Ал биылғы жылы екі жақ 4 млрд теңгенің жобасына қол қоюды жоспарлап отыр.