Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақтөбеде шұңқырдан жаңа туылған нәресте табылды

Ақтөбеде жаңа туылған қыз баланы безбүйрек ана ауыл шетіндегі әжетхана шұңқырына қапқа салып тастап кеткен

Происшествия в Казахстане и мире / ЧП в Казахстане и в мире / Житель Актобе нашел в выгребной яме новорождённую девочку
Фото:
kalempir.kg
Тіпті кіндігін де кесілмеген нәрестені тұрғындардың бірі дер уақытында тауып алған, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты». Қазір бөбек перзентханада жатыр. Ал көкек ананы тәртіп сақшылары іздестіруде.

Түн ішінде тысқа шыққан Молдағали іңгәлаған бала дауысын естиді. Құлағын түріп, үн шыққан жаққа қарай бет алған.

Молдағали Орынбасар, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Баланың дауысы әжетхана жақтан естілді. Ішін ашсам бала жатыр. Шырылдап жылап жатыр.

Молдағалай нәжіс арасында жатқан сәбиді көрген бойда жедел жәрдем мен тәртіп сақшыларына хабар берген. Бірақ олардың келуін күтпестен қолына сым алып, бала салынған қапты шығарады. Сол арада көршілері де жиналыпты.

Нұржан Аутқалиев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Тұншығып қалмасын деп қапшықтың бетін ашып, оң қаратып бетін жоғары қаратып қойдым. Сонда кіндігі салбырап жатыр ұзын, дұрыс кесілмеген. Дәрігерлер келіп кесіп кеті.

Дәретхана тесігінен табылған қыз бала қазір перзентханада жатыр. Тексіз болмасын деп Мәншүк Мәметова деп уақытша ат беріпті. Салмағы үш жарым келі. Мамандар денсаулығының тәуір екенін айтады. Тек жарты сағат кеш табылғанда шетінеп кететін еді дейді. Себебі, шұңқырдан шығарғанда дене қызуы 31 градусқа дейін түсіп кетіпті.

Әлия Жанғалиева, Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының дәрігері:

-Қазір жағдайы жақсы. Дене қызуын төрт сағат дегенде әрең қалпына келтірдік. Кіндігін жедел жәрдем қызметкерлері кескен екен. Көзін ашып жатыр.

Туа сала баласынан жерінген көкек ананы тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Ал тастанды қыз болса бір аптадай перзентханада болады. Анасы табылмаса кейін сәбилер үйіне жіберіледі.
Следующая →