Астанада азаматы көпірден секіріп өлмек болған
Астанада тал түсте көпірден секіріп өлмек болған Тәжікстан азаматы жұрттың үрейін ұшырды
Тапа-тал түсте Жоғарғы соттың жанындағы көпірге шыққан жігіт секіріп өлмек болған. Тіпті, жартылай жалаңаштанған ол, қолына пышақ алып, денесін де бірнеше жерден тіліп тастады, деп хабарлайды "КТК телеарнасының сайты".
Келме, маған. Өзімді тілемін. «Кет» дедім ғой.
Артынан белгілі болғандай, суицидке бармақ болған 36 жастағы Абдулла Рузеев есімді Тәжікстан азаматы екен. Ал Астанаға келіп, өмірімен не үшін қош айтысқысы келгені белгісіз. Тек, көпір үстінде қанталаған ол, Тәжікстанның елшісімен кездесуді талап етті. Әйтпесе, өзін пышақтап, көпірден секірем деп қорқытты. Адуынды жігіт өз елінің дипломаттары келгенде ғана сабасына түсіп, қолындағы пышағын тәртіп сақшысына ұстата сала елшіліктің көлігіне отырып кетті.