Шымкентте қабаған ит адамды талап өлтірді
Қабаған ит зейнеткер әйелді талап тастады. Оқиға кешке зейнеткер өз қашасын жаба бастапған кезде орын алды
Ротвейлер өзінің көршісін жұлмалап тастаған. Қансыраған 64 жастағы зейнеткер әйел сол жерде жантәсілім етіпті, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».
Павел Чумихин, марқұмның күйеуі:
-Әйелімнің итке таланғанын қызым телефонмен айтты. Келсем, ит жұлмалап тастапты. Қолы мен бетінің сау тамтығы жоқ.
90 жастағы әкесіне келген Надежда Чумихина өз ауласына шыққан бетте көршінің иті бас салыпты. Үлердің арасында қоршау да болмаған екен. Итке таланып жатқан әйелге қызы көмекке келгенімен көзі қанталаған ротвейлер күш бермеген. Қазір, қабаған ит өлтіріліп, басы сараптамаға жіберілді. Ал, жәбірленуші тарап кешірім бергеніне байланысты ит иесі жеңіл жазамен құтылатын түрі бар.
Асқар Манапов, Еңбекші полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:
-Оның мойын тұсынан және мынау аяқ-дене бітімдерін тістеп шыққан. Содан соңында азаматша жарақат алып қайтыс болған. Оған қатысты Әкімшілік Кодекстің 408 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып оған шара көріледі.