Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Қарағанды облысында 29 жастағы жігіт полицейдің оғына ұшып көз жұмды
Араққа тойып ап, тап берген 5 жігітті сабасына түсірмекке ауаға атылған оқ, олардың біріне тиіпті, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».
Жерден тұра алмай жатқан жігітті оқиға орнындағылар таспаға түсіріп үлгерген. Қиналып жатқан оның бүйіріндегі жарақаты анық байқалады. Жедел ауруханаға жеткізілгенмен, ақыры есін жимастан жан тапсырды. Қалған төртеуі қамауға алынған. Ал полицейлер түн ортасында ауылдың бес жігіті өздеріне тап бергенін айтып отыр. Ескерту ретінде атылған оқ марқұмға тиді депті. Қазір тәртіп сақшыларының бұл уәжін ішкі қауіпсіздік басқармасы тексеріп жатыр.