Зейнеткер азық-түлік дүкенінің әйнек сөресін сындырған
Облыс орталығында егде жастағы ер адам электронды таразы мен сауда орнының әйнек сөресін күл-талқан еткен
Фото:
dnpr.com
7 наурыз күні кешкісін полиция бөлімшесіне Менделеев көшесінің бойында орналасқан дүкеннің сатушысынан шағым түскен. Оның айтуынша, зейнеткер қызу болып, бейбастық жасаған.
Алдын ала болжам бойынша келген шығын мөлшері 60 мың теңге.
Жанжалқор бұрын істі болған 65 жасар қала тұрғыны болып шықты. Бәлкім, оның көңілінен дүкендегі азық-түлік бағасы шықпай, осылайша наразылығын білдірген шығар. Қалай болғанда да, қарт бассыз қылығы үшін айыппұл төлейтін болады.