Өскеменде әскери қызметкер із-түссіз жоғалып кетті
Өскемендегі әскери бөлімде қызмет етіп жүрген павлодарлық сарбаздың із-түссіз кеткеніне бір аптадан асты
Фото:
kraj.by
22 жасар жігіттің жоғалып кеткені туралы туған-туыстары әлеуметтік желіде хабарлаған.
«Дәулет, үйге қайт, біз сені күтудеміз…Өзімізді қоярға жер таппай жүрміз», деп жазған оның туыс қарындасы Мөлдір.
Мөлдірдің айтуынша, Дәулет жоғалар күні анасымен хабарласқан көрінеді. Кешкі сағат 17:00-де Өскемендегі жалдамалы пәтерінен шығып кеткен күйі оны ешкім көрмеген.
Айта кетсек, баласын іздестіру мақсатында Дәулет Ұрынтаевтың ата-ансы Өскемен қаласына келген. ШҚО ІІД баспасөз қызметі осы оқиғаға байланысты түсінікті әскери-тергеу комитетінен алуға кеңес бергенімен, ол жерден әзірге ешқандай ақпарат ала алмадық.
Ал жақында әлеуметтік желі арқылы Өскемен қаласының тағы бір тұрғыны 34 жасар Олег Федоровтың жоғалғандығы туралы ақпарат тарады. 7 наурыз күні дүкенге шығып кеткеннен қайтып оралмаған. Үстіне қара күртке, қара болон шалбар және сондай түстегі бас киім киген. Оның қайда екендігі туралы білетіндер болса мына нөмірге хабарласуларын сұрайды: 8-777-383-30-86 немесе 8-705-101-30-95.