Қарағандыдағы бірнеше тонау әрекетін спортшы жасады деген күдік бар
Қарағанды облысының полиция қызметкерлері букмекерлік орталықтарға шабуыл жасағандарды құрықтады
Фото:
tiraspol.me
«Күдіктілердің бірі 24 жасар дзюдодан әлем чемпионы Астанадағы шұғыл-іздестіру шаралары барысында ұсталды. Ал оның сыбайласы Теміртау қаласында тұтқындалды», - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, күдіктілерді құрықтауға шұғыл-іздестіру тобы құрылған. Полиция қызметкерінің мәліметінше, негізгі шабуыл нысандары букмекер конторлары болды. Қарулы қылмыскерлер онда бетпердемен кіріп, ақшаларды тонап кеткен.
Екі қылмыскер де жасалған бес шабуылды мойындарына алды. Қазіргі таңда олар уақытша қамау изоляторына тоғытылып, соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде.