Өскемендегі жоғалған студент қыздың денесі табылды
Өскеменде екі апта бұрын із-түссіз жоғалып кеткен студент қыздың мәйітін кездейсоқ өтіп бара жатқан азамат тапқан
Фото:
caravan.kz
«Ешқандай дене жарақаты жоқ, қинап өлтіру белгісі байқалмайды және жеке заттарының барлығы қасында жатқан. Алайда, жанында медициналық дәрі-дәрмектердің бос құтылары табылған. Қазіргі таңда себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша бойжеткен уланып көз жұмуы мүмкін», - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.
Естеріңізге сала кетсек, бойжеткен 15 ақпанда жоғалған болатын. Соңғы рет оны колледже көрген. Кетер алдында ол үйіндегілер мен курстастарына енді қайтып оралмайтынын айтып кеткен.