Өскеменде қарулы қақтығыс ұйымдастырған екі қылмыстық топ ұсталды
Полиция қызметкерлері қалада қақтығыс ұйымдастырмақ болған 20 адамды ұстады
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында облыс прокуратурасының жетекшілігімен полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік қызметі департаментімен бірлесіп, өңірде бірқатар қылмыс жасаған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.
Өскемен қаласының тұрғындары мен басқа жақтан келген азаматтар арасында криминалдық жанжал туындаған. Полицияға 20 адам жеткізілді, олардан заттай дәлелдемелер ретінде: 2 Макаров тапаншасы, 2 травматикалық тапанша, 1 мылтық, 1 тегіс ұңғылы мылтық, 1 жарық-шу гранатасы және 23 түрлі калибрлі патрон тәркіленген. Сондай-ақ, 3 бірлік автокөлік тәркіленді, - делінген хабарламада.
Содан кейін, Катонқарағай ауданының аумағында кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалаған осы қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Аталған дерек бойынша 8 адам ұсталып, оның 4-еуі қамауға алынды.
Қылмыстық жанжалдың себебін және осы істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚК-ның 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және ҚР ҚК-ның 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталады.