Өскемен
Бұлтты
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Семей
    -2°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -5°
  • Астана
    -1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Ақтау
    +10°
  • Атырау
    +10°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
  • Қызылорда
    +7°
  • Павлодар
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +2°
  • Түркістан
    +9°
  • Орал
  • Шымкент
    +6°
$
491.68
+2.29
568.23
+0.24
¥
71.57
+0.29
6.2
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Tengrinews.kz

Каспи банк бөлімшесін басып алған адам қалай жазаланады?

Банк бөлімшесінде бірнеше адамды тұтқында ұстаған ол 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / Какое наказание грозит захватчику столичного отделения Каспи банка
Фото:
pixabay

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 18 маусымда сағат 13.51-де Астанадағы Достық көшесінің бойындағы "Каспи банк" филиалына кірген белгісіз тұлға, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып 7 адамды кепілге алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Келіссөз жүргізгеннен кейін сағат 16.35-те арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасады. Жоспарланған операцияның нәтижесінде 30 жастағы ер адам ұсталып, кепілге алынғандардың барлығы босатылды. Кепілге алынғандар мен кепілге алушы зардап шеккен жоқ, - деді ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК 261-бабы 2-бөлігі "Адамды кепілге алу" бойынша тіркелді. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Следующая →