Qnet құрған адамға қатысты тергеу ісі аяқталды
Күдікті өзі алдаған 30-дан астам адамға 36,5 млн теңгесін толық қайтарып берді
Тараптар татуласқандықтан қостанайлық күдікті азамтқа қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.
ҚМА аумақты Департаменті қызметкерлері анықтағандай, күдікті азаматтарды "Qnet LTD" қаржылық пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалаған.
Следующая →
Қостанайда "Qnet LTD" құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды, - делінген хабарламада.
ҚМА аумақты Департаменті қызметкерлері анықтағандай, күдікті азаматтарды "Qnet LTD" қаржылық пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалаған.
30-дан астам адам қылмыстық әрекеттердің құрбаны болды. Күдіктінің қылмыстық ісін тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден астам шығын толық көлемде өтелді, осыған байланысты тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды, - деп мәлімдеді агенттік.
Тақырыптар:
Финансовая пирамида в Казахстане