Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ерекше балаларға домбыра үйретудің ерекше әдісін ойлап

Ақтөбе қаласындағы музыка пәнінің мұғалімі естуінде ақауы бар балаларға домбыра үйретіп жүр

Усть-Каменогорск и ВКО / Усть-Каменогорск / Ерекше балаларға домбыра үйретудің ерекше әдісін ойлап

Ол үшін Гүлсана Мағзымбетова түрлі-түсті түстер мен геометриялық фигураларды пайдаланады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп. Яғни, ұстаз жеті нотаны жеті түрлі түске бояп, бес саусақты геометриялы пішіндерге ауыстырыпты.

Оқу әдістемесінің авторлық құқығы бар және ол Берн конвенциясы арқылы бірнеше елде қорғалған.

Гүлсана Мағзымбетовадан бүгінде түрлі сырқаты бар 30 бала тәлім алып жүр. Бойындағы түрлі дерттеріне қарамай, ұлттық аспапта ойнауды меңгерген өнерпаздар қалалық байқаулардан бастап, облыстық, республикалық бәйгелерде көзге түсіп келеді. Ақтөбелік ұстаздың айтуынша, бұл әдіс балалардың денсаулығына оң әсер етеді.

Кез келген музыкалық аспапта ойнау адамның екі ми бөлігі бірден жұмыс істеуге көмектеседі. Цебральді сал ауруына шалдыққан балалардың қол моторикасы жақсы дамиды. Осы әдістеме арқылы басқа да аспаптарда ойнауға болады, - дейді Гүлсана Мағзымбетова.

Айта кету керек, жас ұстаз Гүлсана Мағзымбетова мемлекеттік грант ұтып алып, екі орталық ашқан. Ерекше балалар үшін музыкалық аспаптармен жабдықтап, өнерге қызығушылығы бар балаларды қабылдайды.

Следующая →