Павлодарлық педовилді 18 жылға бас бостандығынан айырды
5 жастағы қызды зорлағаны үшін Павлодардық ішкіш педофилге 18 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото:
24daily.net
29 жастағы Рафхат Молдажанов ендігі 18 жылын темір тордың ар жағында өткізуі тиіс, деп хабарлайды (КТК телеарнасының сайты).
Жантүршігерлік оқиға былтыр жазда болған. Анасынан сәл ертерек аулаға шығып кеткен қыз ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Полицейлер оны бірнеше сағаттан кейін бейтаныс азаматпен бірге бұта арасынан тапқан. Араққа сылқыя тойып алған айуан 5 жасар қызды зорлап үлгерген екен. Мұны арнайы сараптама дәлелдеді. Қазір бүлдіршіннің жағдайы жақсы, психолог мамандардың жіті бақылауында. Балабақшаға барып жүр. Ал соңына дейін кінәсін мойындамаған Рафхат Молдажановты прокурорлар 19 жыл қатаң тәртіптегі колонияға жіберуді сұраған. Сот соның бір жылын ғана қысқартып, әрі алкоголизмнен күштеп емдеуге міндеттеді.