Өскемен
облачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +34°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +30°
$
476.27
515.47
¥
65.55
5.41
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыда таяқ жеген автобус жүргізушісі мүгедек боп қалуы мүмкін

Жолаушылар «Оңай» төлемақысы үшін соққыға жыққан автобус жүргізушісі өмір бойы мүгедек боп қалуы мүмкін

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / В Алматы пассажиры автобуса лишили глаза водителя
Фото:
u24.ru
Қоғамдық көлік жүргізушісін жолаушы екі жігіт сабап кеткен. Бұған жәбірленушінің жолаушылардан «Оңай» аппараты арқылы төлем жасауды талап етуі себеп болыпты. Оңбай таяқ жеген 55 жастағы азаматты дәрігерлер операцияға дайындап жатыр.

Жүргізуші осы жұмыста жүрген 20 жылында мұндай оқиғаға кезікпегенін айтады. «Оңай» қондырғысымен жолақы төлеуін сұраса, екі жігіт ерегісіп, тіпті ақша төлеуден бас тартыпты.

Қалдыбек Байтаманов, автобус жүргізушісі:

-Сонымен, төлеңдер деп едім, ерегесті менімен. Жібере салайын дегем, маған дөрекі сөйледі. Сонымен Горький парк жақтағы ақырғы аялдамаға дейін барды.. Содан барып, тұра бергенім сол екен рөлден, артымнан қолмен ұрды. Содан 3-4 рет ұрды, содан кейін қашып кетті екеуі.

Оқиға орнын сол маңдағы куәгерлер телефондарына түсіріп алыпты. Әуелде ет қызуымен соққылардың зардабы аса білінбепті. Бірақ, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгеннен кейін жарақатының тым ауыр екені сезіле бастаған. Дәрігерлер де оның жағдайының қиын екенін айтып отыр.

Лариса Николайчук, Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі :

- Сол көзі түк көрмейді. Оң көзінің көруі нашарлаған. Бас сүйегі жарақаттанып, миы шайқалған. Көзінің айналасындағы сүйегінің, мұрнының да сынған жерлері бар. Ертең операция жасап, оң көзін мүмкіндігінше емдеп алуға тырысамыз. Ал сол жақ көзі сол күйі көрмей қалуы мүмкін.

Полицейлер бұған қатысты қылмыстық іс қозғап, басбұзар екеудің тұлғасын анықтап та қойыпты. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр. Басбұзарлар кемінде 5 жылға сотталуы мүмкін.
Следующая →