Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Назарбаев елордалық базар бағаларымен танысты

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы съездінің алдында елорданың бірнеше базарын аралап, азық түлік бағасымен танысқанын айтты

Новости Казахстана / Экономика в Казахстане / Назарбаев ознакомился с ценами на столичных рынках
Фото:
total.kz
«Міне, жиын алдында Астананың бірнеше базарын араладым», - деді жұма күні Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс өткен XVII съездін бастаған Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, бағалар өссе де, азық-түліктер қатты қымбаттамапты. Мысалы, өткен жылдың қаңтар айында шошқа еті 1470 теңге болса, биыл 1150 теңге, жылқы еті былтыр 1600 тг болса, биыл 1400 тг, нан 108 теңге бағамында қалып тұр. Сүт 199 теңгеден 175 теңгеге арзандаған, күнбағыс майы 1500 тг-ден 1300 тг-ге дейін төмендеген.

Елбасы қызанақтар 600 теңге тұрса, қазір 850 тұрады екен, қиярдың бағасы да қымбаттапты. Лимон 150 теңгеге өсті. Лимонсыз да өмір сүруге болады ғой, деп өз сөзін жалғастырды.

Елбасы құрылыс материалдарының бағасына да тоқталды. «Өткен жылдың қаңтарында бетон 8200 тг тұрса, биыл 7200 тг тұрады. Силикатты кірпіштер 8220 тг болған, қазір 8300 тг-ден тұр. Арматура 79 мыңнан 76 мыңға түскен екен».

«Дилетанттар баға өсті деген кезде, жағдайдың қандай екендігін толықтай білмейді. Сенбесеңдер, барып тексеріп көріңдер», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы ұлттық валютаның маңыздылығын да атап өтті. «Біздің елімізде доллар емес, теңге маңызды. Сондықтан терең тыныс алып, доллар жайлы ұмытайық. Біз теңгеге аламыз, теңгеге сатамыз», - деді мемлекет басшысы.
Следующая →