Қарағанды облысында 20 мың литрден астам контрафактілік ішімдік табылды
Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері жалпы көлемі 10 мың литрге жуық суррогат спирті бар 4 мың дана пластикалық бөтелке және тағы басқаларын тәркілегенін хабарлады
Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде Саран қаласында орналасқан жалға алынған қойма үй-жайында кейіннен Қарағанды облысының базарлары мен дүкендері арқылы өткізу мүмкіндігімен суррогат алкоголь өнімін өндіру бойынша астыртын цех ұйымдастырылғаны анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тінту барысында 500 литр көлемінде 100 дана пластикалық ыдыс, жалпы көлемі 12 мың литрге жуық 20 мың данадан астам ассортименттегі шарап-арақ бұйымдары тәркіленді, - деп хабарлады ҚР АФМ.