Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    -11°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    -6°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    -9°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    -4°
$
522.91
+5.98
548.85
+6.33
¥
71.97
+0.85
5.05
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Polisia.kz

Құмар ойынға қомақты қаржы салған ақтөбелік азамат әйелінен қорқып полицияға өтірік айтқан

Ақтөбелік азамат әйелінен қорыққандықтан 23 млн теңгені бәзбіреулер ұрлап кетті деген. Ал полицияға берген куәлігінде мекенжайларды шатастырып тұтылған

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / Актюбинец испугался гнева жены из-за проигранных на ставках денег
Фото:
Устинка LIVE

Екі апта бұрын Ақтөбе полиция бөлімшесіне жүгінген 29 жастағы тұрғын қомақты қаржысы қолды болғанын мәлімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Ер адамның айтуынша, ол ақша жатқан көлікті ұмытып ашық қалдырған көрінеді. Сол сәтті пайдаланған біреулер көлік ішінен 23 млн теңге салынған қара полиэтилен пакетті алып кеткен-мыс.

Тәртіп сақшылары арызданушының жалған айтып отырғанына күдіктенген. Өйткені ұрлық арызданушы айтқан мекенжайда емес, қаланың басқа ауданында болған, - дейді ҚР ІІМ мамандары.

Артынан анықталғандай, азамат әйелінен қорқып, жалған ақпарат берген. Өйткені ол бұған дейін де бірнеше рет құмар ойынға ақша салып, ұтылған. Енді осы қойылымы үшін ол 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда ҚР ҚК 419-баптың 3-бөлігі «Жалған ақпарат беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Следующая →