Алматы облысында полицейлер есірткі сақтаған үшін ер адамды ұстады
Қаскүнем деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып шықты, полиция қызметкерлері оның тұрғылықты жерінен 17,3 кг марихуананы тауып алып, тәркіледі
Марихуана сақтағаны үшін ол үш жарым жылға қамауға алынады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Алакөл ауданының 49 жастағы тұрғынына 17 келіден астам марихуана сақтағаны үшін сот үкімі шығарылды.
Күдікті облыстық полиция департаменті жедел уәкілдерінің Алакөл ауданы аумағындағы арнайы іс-шаралары барысында қолға түскен болатын.
Ұсталған азамат деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып шықты, оның тұрғылықты жері бойынша қызметкерлер 17,3 кг есірткі тапты және тәркіледі. Сот оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, ол қылмыстық-атқару жүйесі орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтейді, - деді экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Найзабасов.