Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығысқа келіп ірі көлемде есірткі саудалаған шетелдіктер ұсталды

ШҚО Полиция департаментініңе есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Семей және Өскемен қалаларына ірі көлемде синтетикалық есірткі жеткізумен айналысқандарды ұстады

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / Спецоперация в ВКО: ликвидирован крупный наркоканал из ближнего зарубежья
Фото:
ДП ВКО

Қаңтар айында екі ер адам тәртіп сақшыларының назарын аударды. Олар синтетикалық «тұнба сусын» сататын интернет-дүкеннің негізгі аймақтық наркокурьерлері болып шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Арнайы операция нәтижесінде Семейде 24 және 28 жастағы екі күдікті парамен ұсталды. Тінту кезінде олардан жалпы салмағы 1,5 келіден асатын синтетикалық есірткі заттары тәркіленді, бұл бір реттік 5 мың дозаға тең. Оларды жастар арасында ары қарай сату үшін тұтынушыларға беру жоспарланған.

- Алдын-ала болжам бойынша, тәркіленген есірткінің «қара нарықтағы» құны шамамен 30 миллион теңгені құрайды. Сонымен бірге, олардың жалға алған пәтерлерінен қылмыстық әрекеттерін растайтын басқа да айғақтар, соның ішінде есірткіні орауға және өлшеуге арналған заттар табылды, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу мәліметтері бойынша, жеткізу арнасы Ресей Федерациясынан ұйымдастырылған, ол жерден есірткі әртүрлі логистикалық көлік компаниялары арқылы біздің елге жөнелтілген. Жасыру мақсатында тыйым салынған заттар автобөлшектерге салынып, «сәлемдеме» түрінде наркокурьерлерге тапсырылды.

- Күдіктілердің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады, - деп түсіндірді ШҚО ПД басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар басқа да тұлғалар анықталуда.

Фото:
ДП ВКО
Следующая →