21 жастағы қазақстандық компьютер үшін ағасын балғамен ұрып өлтірді
Кісі өлтіру өткен жексенбіде, ата-анасы түнгі кезекшілікте болған кезде орын алған, жас жігіттің өзі полицияға кінәсін мойындап келді
Алматы облысының Жаркент қаласында жас жігіт үлкен ағасын компьютер үшін өлтірген, деп хабарлады ІІМ.
Қылмыс өткен жексенбіде, ата-аналары түнгі кезекшілікте болған кезде орын алған. 21 жастағы жас жігіт пен оның 30 жастағы ағасы арасында жанжал туындап, оның барысында үлкені кішісін үйдегі компьютерді бұзды деп айыптаған.
Ашуға мінген кенже ұл ғасының ұйықтағанын күтіп, шырт ұйқыда жатқан ағасын бірнеше рет балғамен ұрып өлтірген, - делінген хабарламада.
Жас жігіт кінәсін мойындап полицияға өзі келген. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.