Мектеп пен ата-аналардың өзара қарым-қатынасы жаңа форматқа көшуде
Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Өңірлік қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Zoom платформасы арқылы онлайн форматта өткен отырысқа кеңес мүшелері мен атқарушы мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Жиынның күн тәртібінде мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу, балаларды тұрақты психоэмоционалдық және жан-жақты дамытуды қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны мектептерде енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.
Сонымен қатар, Nur Otan партиясы ШҚОФ жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестердің хаттамалық ұсынымдарының орындалуын талдау: мектептерде ыстық тамақтануды ұйымдастырылуына және COVID19 коронавирустық инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін қажетті құралдармен жарақтандырудың болуы бойынша жүргізілген мониторингтің нәтижелері тыңдалды.