Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Талдықорғанда пара алған шенеунік ұсталды

Қалалық кәсіпкерлік бөлімі мен оның қоластындағы маман қалада халықтың көп жиналуымен өткен шараға көз жұма қарауы үшін қомақты қаржы алған

Алматы облысында мониторингтік топ мүшелері ұсталды. Талдықорған қаласы әкімдігіне қарасты кәсіпкерлік бөлімінің лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында хабарлады. 

Ведомство мәліметінше, бөлім басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, "COVID-19" коронавирус инфекциясымен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қала рестораторлары мен жаппай сауда өкілдерінен оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамау үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алды деп күдіктелуде. 

Агенттік, жоғарыда аталған пара сомасын берген 5 мейрамхана әкімшісі де қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. 

Қазіргі уақытта лауазымды адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалған және бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. 

Тергеу жалғасып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу мүддесіне сай басқа да мәліметтер жария етуге жатпайтынын жеткізді. 

Еске салсақ, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аудандардың біріндегі әкім орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған еді. 

Шенеунік кәсіпкерден 1,8 млн теңге сомасында, яғни айтарлықтай ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген. 
Следующая →