Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақтоғайлықтар Роза апайдың үміт отын сөндірмеді

Таяуда Аягөз ауданының Ақтоғай кентінде елге үлгі боларлықтай қайырымды шара ұйымдастырылды

Осы жерде туып-өскен Роза Дүйсеғұловаға елді мекен тұрғындары ерікті түрде бірігіп, бір тұрғын үй сыйлады. Қазіргі күні ол кісі жерлестері сыйға тартқан, кенттің шетінен бұйырған үш бөлмелі тұрғын үйіне кіріп алған. Қазір Роза Мұсақызының ауласы биік дауалмен қоршалған өзінің баспанасы бар. Апайдың қуанышында шек жоқ. Олай болмай ше!? Осы Ақтоғайда барлық саналы ғұмыры өтіп келе жатқан Роза Мұсақызы теміржол саласында, ауа райын бақылайтын метостанцияда қызмет ете жүріп, өзінің жеке баспанасы болғанын армандайтын-ды. 
- Маған жақсылық жасап, көмек қолын созып жатқан барша ағайын-туыс, жерлестеріме алғыс сезімімді арнаймын, - дейді Роза Мұсақызы. - Шын мәнінде жалғызбасты адам болған соң жеке баспана алу мәселесінің қиын екенін біреу білер, біреу білмес. Тек жұмыс істеуді ғана біліп, жеке басымызға соншалықты көп көңіл бөлмегенімізді жер ортасы жасқа келгенде бірақ аңдадық қой. Қайта осындағы жанашыр жандарға мың рақмет айтқым келеді.
Міне, қайырымды жандардың арқасында жалғызбасты Роза Дүйсеғұлова осылайша тұрғын үйге қол жеткізді. Жасы алпыстың жуан ортасына келген бұл кісінің сөніп бара жатқан үміт отын жерлестері осылайша үрлеп жақты. Ешкімге зияны жоқ осынау Роза апаларына жанашыр болған жандарды атап кетпесек, болмас. Жатпай-тұрмай қаржы жиып, жарғақ құлақтары жастыққа тимей қамқор болған жандар: Әлинұр Қасымханова, Нұргүл Игіманова, Семихан Сағындықова, Сәния Сағындықова, Жанар Садықова, Сандира Ержанқызы, Ұлан Жасболаев, Аян Қайдаров, Талғат Төлеген және де басқа ақтоғайлықтар еді. 

Шынында да бүгінгі күні мыс, руда тәрізді пайдалы қазбалар өндіріп жатқан өңірде үй мәселесі өзекті болып отырғаны жасырын емес. Екі қолға бір күрек ұстап, отбасын асырауға құлшыныс танытып отырғандардың қарасы басым. Сондықтан, Роза Мұсақызының өздігінен тұрғын үй алуға шамасы да жетпейтіні рас еді. Алайда еңбек торысы атанған Роза Дүйсеғұлова қайырымды жерлестерінің арқасында тегін баспанаға ие болды. Жалпы, Ақтоғай кенті аудан орталығы Аягөзден оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырымдай жерде, шөлейт белдемде орналасқан. Округ Аягөз қаласынан кейінгі ірі елді мекенге жатады. Мұнда жергілікті тұрғындар саны 6251 адамды (3178 ер адам және 3073 әйел адам) құрайды.
Следующая →