Түркістан облысының полицейлері сора еккен тұрғынды ұстады
Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі есірткі өсірумен айналысады деген хабарлама келіп түсті
Хабарлама түскен сәттен бастап Түркістан облысы Полиция департаментінің тәжірибелі тәртіп сақшылары мен ауданның қырағы полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Олар бірден ақпараттың растығын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларына кірісті. Алынған ақпарат көздері арқылы күдікті тұрғынның жеке басы мен мекенжайын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Тексеру кезінде күдікті ер адамның тұрғын-үйінің ауласына есірткі егілгені анықталды. Тінту жүргізген жедел уәкілдер оның ауласынан барлығы 22 түп есірткі өсімдігін тәркіледі. Сондай-ақ, айғақты зат ретінде алынған өсімдіктерге сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Сараптама нәтижесімен алынған түптер "сора" есірткі заты болып шықты.
Өз кезегінде тұрғын, аталған есірткіге ұқсас өсімдікті егіп-өсіргенін толығымен мойындайды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің бас шарасы "қолхатта".
Іс СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен "Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсір" бойынша тіркелді.
Следующая →

Тақырыптар:
Байдибекский РОП Наркопреступность в Казахстане Управление по противодействию наркопреступности ДП Туркестанской области