Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Мира Зеленская
Ақпарат көзі:
Устинка

12 шетел азаматы елден шығарылды

Облыстық полиция департаменті "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінің қорытындысын шығарды

Осы уақыт ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 198 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 12-сі Қазақстан Республикасының шегінен шығарылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының 114 азаматы өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетел азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүргені үшін 15 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

-  8 маусымда шетелдікті заңсыз еңбек күшіне тарту фактісі анықталды. Үржар ауданында жеке тұлға Өзбекстан Республикасының бес азаматы өзінің жеке үйінің құрылысына тиісті рұқсат алмай жұмыс істеген. Көрсетілген құқық бұзушылық бойынша мемлекет кірісіне 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, ал шетелдіктер 3 күнге арнайы қабылдап-тарату мекемесіне орналастырылды, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Аталған алдын алу шарасын өткізу үшін облыс бойынша 424 қызметкер жұмылдырылды. "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы 16 маусымға дейін жалғасады. 
Следующая →