Облыстық келіндер байқауы өтті
Ұлан ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында "Аяулы жас келін-2021" облыстық байқауы өтті
Байқаудың ұйымдастырушысы – облыстық "Жастар ресурстық орталығы". Шара дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, ұмыт қалған салт-дәстүрлер мен ас түрлерін, келіндердің қоғамдық белсенділігін арттыру, ажырасудың алдын алу, отбасылық бірлік пен татуластықты нығайту мақсатында ұйымдастырлған.
Сонымен қатар, Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев аудан атынан Семей қаласының қатысушысы Назгүл Сапарғалиеваға арнайы жүлдені табыс етті.
Следующая →
- Облыстық "Аяулы жас келін – 2021" байқауы сегізінші рет өткізілді. Байқаудың іріктеу кезеңі әр қалада және аудандарда өткізілген болатын. Жеңімпаз келіндер өз ауданының намысын облыстық деңгейде қорғады. Байқауға облыстың түкпір-түкпірінен келген 16 жас келін қатысты. Қатысушылардың ішінде дәрігерде, аспазда, ұстазда бар. Келесі жылы байқауды өткізуге Зайсан ауданы ұсыныс жасады. Барлығы жақсы болса, келесі жылы байқау Зайсан ауданында өтпек, - дейді ШҚО "Жастар ресурстық орталығының" директоры Арайлым Есімбекова .Сайыстың бірінші кезеңінде келіндер ұлттық тағамдар мен дәмдерден ас әзірлесе, екінші шығармашылық кезеңде өз-өздерін таныстырып, өз өнерлерін ортаға салды.
- Байқау дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дәріптейді. Осындай байқаулар қарқынды дамып жатқан мына заманда халқымыздың әдет-ғұрпын құрметтеп, отбасының ұйытқысы бола біллуге үйретеді, - дейді Ұлан ауданының қатысушысы Ақмарал Төлеужанова.Байқау қортындысы бойынша 1-орынды үржарлық Талшын Юсупахунова, 2-орынды Шемонаиха ауданының келіні Жәния Хисабек иеленсе, ал жүлделі 3-орынды Аягөз ауданының намысын қорғаған келін Еркежан Вадинова алды. Жеңімпаздар арнайы диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев аудан атынан Семей қаласының қатысушысы Назгүл Сапарғалиеваға арнайы жүлдені табыс етті.
Тақырыптар:
Конкурс "Аяулы жас келін — 2021" РСК ВКО Директор молодежного центра ВКО Арайлым Есимбекова