ШҚО-да алаяқ автобөлшек сатушы ұсталды
Бородулиха ауданының 51 жастағы тұрғыны Семей қаласының ПБ Әуезов полиция бөліміне жүгінген
Ол автобөлшектерді талдау кезінде бейтаныс жігіттің Toyota Highlander автокөлігінің бөлшектерін сатуды ұсынып, оның 360 мың теңгесін иемденіп алғанын айтқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Семей қаласының тағы бір тұрғыны тәртіп сақшыларына осындай мәлімдеме жасаған. 38 жастағы ер адам өзін алдаудың құрбанына айналғанын айтты. Оған алаяқ Nissan Sunny автокөлігінің бөлшектерін сату ұсынып, 25 мың теңгеге тақырға отырғып кеткен.
Следующая →

- Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген кезде 48 жастағы Семей қаласының тұрғынын тапқан. Алаяқ жауап алу кезінде ақшаны өзінің қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып, кінәсін мойындады, - дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлімі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.