Шіліктіде ірі қара, қой мен қозы неден қырылып жатыр?
Зайсандағы мал өліміне белгісіз індет себеп пе, әлде мал иелерінің өздері кінәлі ме?
Зайсан ауданындағы шекарадан орын тепкен Шілікті ауылдық окургіндегі Шілікті, Жалши және Қарасай ауылдарындағы қой мен қозы, бұзау белгісіз себептен өліп жатыр. Бұл жағдай сәуір айының соңында басталған. Шекара шебінде орналасқан халықтың негізгі күнкөріс көзі - мал шаруашылығы. Қорадағы түлігінен айырылған халық енді шекаралық ауданнан үдере көшпесе игі.
Негізінен малдар сәуір айының соңында қар аралас жаңбыр жауып, күннің күрт суытқан шағында жаппай ауырып, өле бастаған.
Облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдиннің мәлімдеуінше, Шілікті ауылдық округінде 17 азаматтан 100-ге жуық ірі қара, 110 бас қой мен ешкі дертке шалдыққан.
Осы жердегі түсініксіз жағдай басқарма 17 үйдің малы ауырып, өліп жатыр деп көрсетіп отыр. Ал осы мәселені көтеріп отырған "Нұрдәулет" шаруа қожалығының өзінде ғана 120 бас қозы қынадай қырылған. Демек 17 үйдің шығыны шаш етектен шығар. Жалған статистика ма? Ауыл тұрғындарының біразына телефон шалып тілдестік. Көбі проблеманың бар екенін жасырмайды, бірақ аттарын атаудан үзілді-кесілді қашып отыр. Неге? Кімнен қорқады, неден жасқанады?
Округ аумағын тексеру барысында 12 бас ірі қара малдың, оның ішінде 7 бас бұзау, 5 бас ірі қара, 1 бас қозының өлекселері анықталған. Мамандар 1 қозы мен 1 бұзаудың патологиялық материалдарын тексеруге алғандықтарын айтады.
Ветеринария басқармасындағылар сараптама қорытындысы шықпай жатып-ақ "мал көтерем" деп халықтың өзін кінәлі етіп қойды. Бұнымен ауыл тұрғындары келіспейді.
Біз тілдескен Шілікті ауылдық округінің тұрғындары ең көп мал шығыны Жалши ауылында екенін айтады.
Мал иелері өз беттерімен емдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Малдың аузын ас содасы, тұзбен ысып, марганец ерітіндісімен шайып жатқан көрінеді.
Следующая →
Малдың аузы уылып, тұяғы түсіп қалған
Негізінен малдар сәуір айының соңында қар аралас жаңбыр жауып, күннің күрт суытқан шағында жаппай ауырып, өле бастаған.
- Ауру белгілері: ұсақ мал алдыңғы екі тізесінен кібіртіктеп ақсайды. Ауыз және мұрын қуыстарының шырышты қабаттары жараланып, тынысы тарылады. Кейін ыстығы көтеріліп, өкпесін соғып өледі. Жұғымталдығы өте тез. Біздің ойымызша, бұл - жұқпалы ауру, - дейді "Нұрдәулет" шаруа қожалығының иесі Айболат Лекеров.Осындай белгілер байқалып, малдары жаппай ауыра бастағанда ауыл тұрғындары ауыл ветеринарына көрсеткен. Кейін ауданнан мамандар келген, бірақ олардан мардымды жауап ала алмаған шаруа қожалығының иесі ауылдағы жағдайды видеоға түсіріп таратып, журналистерден көмек сұраған.
- 4 мамыр күні аудандық ветинспекциядан Сейітжан мен Жанат деген екі азамат келіп, сараптамаға тірі қозы алды. Олар видеодағы шашылып жатқан қозыларды көзбен көрді. Сараптама қорытындысы 7-9 мамыр мейрамдарынан кейін белгілі болады деген. Өтемақы сұрап тұрғаным жоқ, қалған малды сақтап қалу үшін себебін білгім келді. Содан журналистерден көмек сұрауға мәжбүр болдым. Журналистер жан-жақтан осы мәселені көтере бастаған соң, 12 не 13 мамырда Қымбат, Мейрамбек деген жігіттер (инспекция ма, басқарма ба - нақты білмеймін) келіп тағы бір қозыны сойып алып кетті. Дәл сол сәтте өліп жатқан 5 қозы, ауырып тұрған 50 қозыға акті толтырылды. Одан кейін ертеңінде облыстан келген басқарма мамандары менен рұқсат сұрамай, қожалықтағы малшымнан тағы бір қозы алып кетіпті. Мен өзім оларды көрген жоқпын. Қазіргі таңда ауырған және ауырмаған малымды екіге бөліп жайып отырмын. Менің "Нұрдәулет" шаруа қожалығымның өзінен 120 бастан астам ұсақ малдың төлі өлді. Ірі қарадан менде шығын жоқ, уақытында емдеп алдық, - дейді ес білгелі мал бағып келе жатқан Айбол.Облыстық ветеринария басқармасы, ветинспекция сынды құзырлы органдардан Шіліктіге барған комиссия малы өлген әр үйге барып, сынама алып кеткенін ресми түрде де мәлімдеді. Бірақ әлі күнге нәтижесі белгілі болған жоқ.
Ресми мәлімет мүлде бөлек
Облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдиннің мәлімдеуінше, Шілікті ауылдық округінде 17 азаматтан 100-ге жуық ірі қара, 110 бас қой мен ешкі дертке шалдыққан.
Осы жердегі түсініксіз жағдай басқарма 17 үйдің малы ауырып, өліп жатыр деп көрсетіп отыр. Ал осы мәселені көтеріп отырған "Нұрдәулет" шаруа қожалығының өзінде ғана 120 бас қозы қынадай қырылған. Демек 17 үйдің шығыны шаш етектен шығар. Жалған статистика ма? Ауыл тұрғындарының біразына телефон шалып тілдестік. Көбі проблеманың бар екенін жасырмайды, бірақ аттарын атаудан үзілді-кесілді қашып отыр. Неге? Кімнен қорқады, неден жасқанады?
Округ аумағын тексеру барысында 12 бас ірі қара малдың, оның ішінде 7 бас бұзау, 5 бас ірі қара, 1 бас қозының өлекселері анықталған. Мамандар 1 қозы мен 1 бұзаудың патологиялық материалдарын тексеруге алғандықтарын айтады.
- Аталған ауылдық округтегі барлық мал басы қыс мезгілінен көтерем шыққан. 25-28 сәуір аралығында ауа температурасының төмендеп, қар аралас жауын жауды. Осыған байланысты әлсіреген малдар қолайсыз ауа райы салдарынан өліп жатыр. Ауырған малдардан патологиялық сынамалар алынып, облыстық зертханаға тапсырылды, - деді Ертай Батхолдин.Сонымен қатар, мамандар 2021 жылғы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар толық көлемде орындалғанын да алға тартады. Жалпы Шілікті ауылдық округінде соңғы 3 жылда мал шаруашылығы бойынша қауіпті індет тіркелмеген.
- 2020-2021 жылдары пандемия қыспағымен бірге, жаз кезінде қуаңшылық болуымен және қыстың ұзаққа созылуымен, "Жұт - жеті ағайынды" дегендей, кейбір жеке тұрғындар, ауыл шаруашылығы құрылымдары жеткілікті түрде мал азығын даярлай алмады, - дейді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ринат Тауасаров. - Қыстай Шілікті өңірін қар басып жатпаса да, қуаңшылықтың салдарынан жайылымның құнары азайып, негізінен жайылыммен шығатын Шілікті өңірінің малы қыстан жүдеп-жадап шықты. Жер тек сәуір айының аяғына таман көктей бастады. Қыстан жүдеп-жадап шыққан малдардың иммунитеттері төмендеп, түрлі ауруларға ұшырай бастады. Осыны ескере келе, аудандық мал дәрігерлік қызметі арнайы топ шығарып, жоспарлы профилактикалық жұмыстарды қолға алды. Округтегі 7500 бас мүйізді ірі қара малы, 10000 бас мүйізді ұсақ малы "аусыл" ауруына, 10000 бас мүйізді ірі қара малы "нодулярлық дерматит" ауруына, 4200 бас "пастерелез" ауруына, 3000 бас мүйізді ірі қара малы "қарасан" ауруына қарсы егілді. Соған қарамастан қыстан жүдеп шыққан мал арасынан ауру малдар көбейіп, шығын бола бастады. Әсіресе қой-ешкі малдарының төлдері арасынан шығын орын алған.Ауылдағы мал әлі де айыға қойған жоқ. Карантин жарияланбағанымен, шектеу шаралары жүргізілуде.
- Ауылға мал кіргізілмейді, мал шығарылмайды. Шектеу қойылды. Карантин жарияланған жоқ. Өтемақы төлеу жағы анализ сараптамасы анықталғаннан кейін белгілі болады, - дейді Шілікті ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қуаныш Төлеуханұлы.
Жалшиде өлген мал көп
Ветеринария басқармасындағылар сараптама қорытындысы шықпай жатып-ақ "мал көтерем" деп халықтың өзін кінәлі етіп қойды. Бұнымен ауыл тұрғындары келіспейді.
- Көтерем малдың аяғы ақсап, ауызы шірімейді. Аурудың бары анық. Десе де, сараптама нәтижесі шықпай, өлген малды көтерем деу ақылға сыймайды. Алдымен өзі келіп жағдайымызды көрсін. Бұрыннан мал бағып келеміз. Ауру мен көтерем малды ажырата аламыз. Төрт-түлігіміз көтерем болатындай жем-шөбіміз жетпей қалған жоқ. Керісінше асып қалып, көрші-қолаңдарыма таратып бердім. Басқарма ондай мәліметті қайдан алып отыр? Малымыздың күйін қазір келіп көрсін. Белгісіз дерттің адамға жұқпасына кім кепіл?! Басшылық мәселені жылы жауып қоя салғысы келеді. Ауруды қанша жасырғанымызбен малымыз арам қатып жатыр, - дейді Айбол Лекеров.Шіліктілік Сәуле Искакованың да 10 лақ, 10 қозы, 2 сиыры өлген. 4-5 сиыры ауырып жатыр.
- Сиырдың да, қойдың да аузынан сілекейі ағып, ауыз қуысының ішкі терісі ойылып түсіп қалды. Аузы уылған мал жем-шөп жей алмай қалды, тіпті бөтелкеге ұнды қайнатып беріп отырдық. Қойлардың тұяқтары түсіп, жүре алмай жатып қалды. Ал ауылға ауданнан, облыстан комиссия келді дегенді естігеніммен, өзім көрген жоқпын. Менің үйіме келіп малды қарап, сынама алған ешкім жоқ, - дейді "Алтын алқа" иегері Сәуле апа.Зейнеткер бұндай жағдай қайталана берсе, ауылдағы жастар шекаралық ауданнан үдере көше ме деген алаңдаушылығын білдірді.
- Біз, қариялар, зейнетақымызға күнелтерміз. Ал ешқандай жағдай жасалмаған ауылдан жастар қалаға қарай көшіп кетуі мүмкін. Ауылда ғаламтор жоқ, ұялы байланыс дұрыс тартпайды. Тіпті, жалғыз жанармай құю стансасы бар еді, оны да жауып тастады. Енді жанармайды Зайсаннан 10-20 литрлеп тасып, біреуге тапсырып әлекпіз, -дейді Сәуле Искакова.Айтпақшы, бұған дейін ауылда Актив және Билайн ұялы байланыстары жақсы тартып тұрған екен. Екі-үш ай бұрын Теле2 мұнарасын орнатқалы бар байланыстың өзі де дұрыс тартпай қалған екен.
- Басқармадағылардың малды "көтерем" дегенімен келіспеймін. Шөп аз шыққаны рас. Бірақ малмен күнелтіп отырған халық жем-шөпті аямай алды. Көтерем дейтіндей, малымыз аш қалған жоқ. Бірдеңе әсер еткені анық, - дейді Арай Ноғайбаева.Расымен аяқ асты малдың жаппай қырылуына күннің суығынан басқа су немесе шөптің де әсері болуы мүмкін емес пе?!
Біз тілдескен Шілікті ауылдық округінің тұрғындары ең көп мал шығыны Жалши ауылында екенін айтады.
- Қойларымның тұяғы түсіп, аяғы ақсап қалды. Сиырлардың тілі ойылып, аузы уылып жүр. Өз үйімнен 3-4 бас мал өлді, - дейді Жалши ауылының тұрғыны.
Өтемақы төлене ме?
Мал иелері өз беттерімен емдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Малдың аузын ас содасы, тұзбен ысып, марганец ерітіндісімен шайып жатқан көрінеді.
- 10 бұзауым өлді. Жайылымда әлі қаншасы қырылғанын түгендей алмай жатырмын. Малдың өлекселеріне ешқандай акт жасалған жоқ. Бұл жағдай бізге оңай тимеді. Енді әкімдік тарапынан өлген малға өтемақы төленсе, - дейді Бауыржан Жақыпбеков.Малы қырылған ауылдықтардың көкейіндегі "Өтемақы төлене ме?" дегені заңды сұрақ.
- Өтемақы төлену-төленбеуі сынама нәтижесіне байланысты. Егер сынама малдың белгілі бір аурудан өлгенін анықтаса және ол ауру түрі Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы тізімінде бар болса, өтемақы республикалық бюджеттен төленеді. Ауылдағы әр тұрғынның өлген малы туралы ақпаратты аумақтық ветеринарлық инспекция министрлікке ұсынуы керек, - деп түсіндірді Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Мелис Қайнулдаев.2000-нан астам халқы бар Шілікті ауылдық округінде барлығы 10 жарым мың бас ірі қара, 24 мыңнан астам ұсақ мал, 52 мың жылқы, 150 ит, 2343 құс, 52 мысық тіркелген.